ҰҚК Айгүл Балғабаеваға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаментінің басшысы Айгүл Балғабаеваға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, Айгүл Балғабаева 2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментін басқарып келеді.

Әлеуметтік желілердегі мәліметке қарағанда, Балғабаева сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінген.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 5 ақпанда.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті 3 ақпанда қаңтар айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижесі туралы хабарлаған еді. Ведомство мәліметінше, жыл басынан 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 110-і – сыбайлас жемқорлық.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған