Павлодарда бейнекамералар арқылы 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласында бейнебақылау камералары арқылы урнадан тыс жерге темекі тұқылын тастаған ер адам анықталды.

Қала тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полицияның мәліметінше, ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпті бұзатын және қоғамға құрметсіздік танытатын әрекеттер.

Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу ауыр қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бейнекамералар қоғамдық орындарда мас күйде жүрген азаматтарды да жиі тіркейді.

Заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарда мас күйде жүру және алкоголь ішу – әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.

Мас күйдегі адамдар өзіне де, өзгелерге де қауіп төндіруі мүмкін. Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда 102 нөміріне, "Police 102" мобильді қосымшасы немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасы арқылы хабарлауға болады.

Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 3 мыңнан астам құқық бұзушылық пен 25 қылмыс анықталды.

Барлық кінәлі тұлғалар заң талаптарына сай жауапкершілікке тартылды. Қаңтар айында "Заң және тәртіп" сервисі арқылы 33 өтініш тіркеліп, оның 18-і жол қозғалысы ережелерін бұзу, 15-і қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне қатысты болды.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі