"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, қаладағы жауын-шашын (жаңбыр мен қар), сондай-ақ тұман мен көктайғақ негізінен таңертеңгі және түнгі уақытта байқалады.
"Ауа температурасы түнде 4-7 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз алдағы жеті күн ішінде термометр бағандары 8-10 градус жылылыққа дейін көтеріледі. Кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ қалыптасады", – деді Гидрометорталық өкілі.
Апта соңына қарай, яғни 13 ақпан, жұма күні Алматыда қайтадан жылы бола бастайды. Қаланың жоғарғы аудандарында түнде қар жаууы мүмкін, ал күндіз ол жаңбырға ұласады. Күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін жылиды, бірақ көктайғақ сақталады.
Күндер бойынша болжам:
7 ақпан: көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз 0…+2°С.
8 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Температура түнде -5…-7°С, күндіз 0…+2°С.
9 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Температура түнде -4…-6°С, күндіз +6…+8°С.
10 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Температура түнде +1…+3°С, күндіз +8…+10°С.
11 ақпан: көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Температура түнде +1…+3°С, күндіз +4…+6°С.
12 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел шығыстан 3-8 м/с. Температура түнде -2…-4°С, күндіз +2…+4°С.
13 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз жаңбыр. Кей уақытта көктайғақ, түнде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Температура түнде -2…-4°С, күндіз +5…+7°С.