Қазақстанда интернет 90%-дан астам ауылға жетеді

Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министріжасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық инфрақұрылымды кеңейту жоспарлары туралы хабарлады.

Министр атап өткендей, 2025 жылы осы бағыттағы барлық негізгі жобалар іске қосылған, ал олардың көпшілігі осы жылы аяқталады.

"Атап айтқанда, қосымша 1 900 ауыл оптикалық талшықты желіге қосылады. Келесі жылы интернетке қосылған елді мекендердің үлесі 90%-дан асады. Барлық республикалық жолдар қажетті байланыс инфрақұрылымымен қамтамасыз етіледі. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың желтоқсанында барлық өткізу пункттері интернетке қосылды", – деді Мадиев.

Оның сөзінше, интернет жолаушылар тасымалының негізгі бағыттарында, соның ішінде отандық әуе компаниясының рейстерінде де қолжетімді болады.

"Азаматтардың қажеттілігін қанағаттандырудан басқа, бұл цифрлық инфрақұрылым Қазақстанның аймақтық цифрлық байланыс саласындағы көшбасшы рөлін нығайтуға мүмкіндік береді. Ел аумағында салынатын 9 спутниктік станция арқылы интернет көршілес елдерге де қолжетімді болады: биыл Тәжікстан қосылады, кейін – Моңғолия мен Қырғызстан. Каспий аймағында Өзбекстан да инфрақұрылымға қосылуға қызығушылық танытуда", – деп қосты Мадиев.

2026 жылғы 10 ақпанда Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі