Тоқаев: Конституциялық реформалар адам құқықтарын қорғауға бағытталған

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа Конституция жобасындағы маңызды түзетулерге тоқталды.

Мемлекет басшысы өзгерістердің негізгі мақсаты – адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау екенін айтты.

"Түптеп келгенде, ұсынылып отырған өзгерістердің арқауы – бір. Бұл – адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Бұл – жалаң сөз емес. Біз адам құқығының қорғалуына кепілдік беретін және оның нақты жолдары айқын көрсетілетін біртұтас жүйе қалыптастырамыз", – деді Президент.

Тоқаев жаңа жобада енгізілген нақты мысалдарға тоқталды:

Президент атап өткендей, қазіргі Конституциядағы тұрғын үйге қатысты норма толықтырылмақ.

"Қазіргі Конституцияда "Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" деген ереже бар. Біз оны "тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға" да сот шешімінсіз жол берілмейді деп толықтыру керек. Бұл – жаңа Конституцияның сипатына толық сай келетін әлеуметтік норма", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Конституция жобасында Қазақстанның қарқынды дамуына, ұлтымыздың ұйысуына қажетті іргелі қағидаттар мен құндылықтар толық қамтылғанын айтты.

"Әділетті Қазақстан, Заң мен тәртіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатыны сияқты негізгі қағидаттар нақты көрсетілген. Білім, ғылым, инновациялар және мәдениет еліміздің теңдессіз басымдықтары ретінде айқындалды. Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз және аумақтық тұтастығымыз мызғымас құндылықтар болып қала береді және еліміздің унитарлығы, жерінің тұтастығы мен басқару нысаны ешқашан өзгермейді", – деді Президент.

Тоқаев жаңа Конституция жобасын түптеп келгенде озық, толық жаңарған, әрбір тұсы сарапталған және сапалы жазылған мәтін деп сипаттады. Онда конституциялық құрылысқа қатысты әлемдегі үздік тәжірибелер көрініс тапқан, адам құқықтары және ұлттық мүдде толық қорғалған.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін: тұрғын үйді жалға алу кезіндегі сақтық шаралары