Қасым-Жомарт Тоқаев: Бюджет шығыны ашық әрі тиімді жұмсалуы тиіс

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында фискалдық саясатты тиімді жүргізу және бюджеттік шығындарды қатаң бақылау мәселесіне ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы бюджетті ретке келтіріп, қаржы тәртібін қатаң сақтауды бірінші кезектегі міндет деп санайды.

"Мемлекеттің тиімсіз шығындарын қысқарту үшін қолданыстағы бюджет бағдарламаларын бастан-аяқ қайта қарау қажет. Бұл – аса маңызды тапсырма. Мұны орындауды созбалаңға салмаңыздар", – деді Президент.

Тоқаев Қаржы және Экономика министрліктеріне бюджеттік бағдарламаларды мұқият қарастырып, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін арттыруға басымдық беруді тапсырды. Сонымен қатар, бюджеттің игерілмей қалуынан қорқып, қаржыны жобаларға бөлуді тоқтату тәжірибесіне қатаң сын айтты.

"Енді мұндай әрекеттерді мемлекет мүддесіне қарсы іс-қимыл деп қарастырамыз. Бюджет қаржысы азаматтарымызға нақты пайда әкелетін және ұлттық экономиканың дамуына септігін тигізетін жобаларға берілуі тиіс", – деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкіметке 1 мамырға дейін барлық бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізіп, мемлекет есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеу механизмін жетілдіруді тапсырды. Бұл тапсырма квазимемлекеттік секторға да қатысты.

Сонымен қатар Тоқаев бюджеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрлық теңге жүйесін белсенді пайдалану керектігін атап өтті.

"Қаржының қайда, қалай және не үшін жұмсалып жатқаны айқын болуы тиіс. Қазіргі таңда бұл тәсіл мемлекеттік сатып алу, субсидиялау, сондай-ақ Ұлттық қордан ірі жобаларға қаражат бөлу кезінде тиімді қолданылып жүр. Енді бұл құралды басқа да салаларға енгізіп, аясын кеңейту қажет", – деді Президент.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж