Дербес деректердің тарап кетуі, алаяқтық, ЖИ: Тоқаев жаңа цифрлық қауіптерді атап көрсетті

Фото: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық трансформация кезеңінде азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы жеке адамның мүддесіне нұқсан келуі мүмкінін ескере отырып, дербес деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.

"Дербес деректердің тарап кетуі, онлайн-алаяқтық, жасанды интеллектіні қылмыс құралы ретінде пайдалану – бұл тек біздің елде ғана емес, шетелде де қалыпты жағдайға айналды", – деді Президент.

Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі мен басқа да құқық қорғау органдарын жұмылдырып, киберқылмыспен және алаяқтықпен күрес бойынша нақты шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

"Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке тиісті мекемелермен бірлесіп киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың деректерін қорғау мәселесін кешенді түрде қарауды тапсырды.

Сонымен қатар, Тоқаев жақында Ұлттық құрылтайда атап өткеніндей, цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесі конституциялық деңгейде бекітіліп, нақты айқындалуы тиіс екенін атап өтті.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін: тұрғын үйді жалға алу кезіндегі сақтық шаралары