Банк шотына тыйым салынса да, жүргізуші куәлігін алуға болады – "Азаматтарға арналған үкімет"

Водительское удостоверение, водительские права , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 14:15 Фото: Zakon.kz
Банк шоттарына тыйым салынуы өздігінен жүргізуші куәлігін алуға кедергі болмайды. Бұл туралы 2026 жылғы 19 қарашада "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік корпорация мамандарына қазақстандық азамат жүгініп, банк шоттарына тыйым салынған жағдайда жүргізуші куәлігін ала ала ма деп сұраған. Мамандар куәлік алуға болатынын айтып, қандай талаптар ескерілетінін түсіндірді.


"Егер емтихандарды сәтті тапсырсаңыз және жүргізуші куәлігін беруге шектеу болмаса (мысалы, сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылмаған болсаңыз), банк шоттарыңызға тыйым салынғаны куәлік беруден бас тартуға негіз болмайды", – деп түсіндірді мемлекеттік корпорация.

Қарашаның басында қазақстандықтарға жүргізуші үшін ең маңызды құжаттардың бірін қалай қалпына келтіруге болатыны түсіндірілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: