Президент Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруды тапсырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрландыру мәселесі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік саланы цифрландыру мәселесі өте маңызды.

"Былтыр республикалық бюджеттің 40 пайызға жуығы осы салаға бөлінді. Бірақ бұл қаражат қаншалықты тиімді жұмсалды деген орынды сұрақ туындайды. Сондықтан Үкімет үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруға тиіс. Сонда әлеуметтік көмек те шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға беріледі. Қаржылай төлемақыдан бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, баспана немесе білім алуға берілетін ваучерлерге дейінгі қолдаудың барлық түрі банк және төлем инфрақұрылымымен тығыз байланысқан "Әлеуметтік әмиян" арқылы берілуге тиіс",- деді ол.

Президенттің пікірінше, Үкімет әкімдіктермен бірге осы тәжірибені барлық жерде кеңінен қолдануы керек.


Сондай-ақ бұл тәсілді жыл соңына дейін тездетіп іске қосуы қажет. Менің байқауымша, Үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр. Тіпті оны мемлекеттік қызметкерлер де пайдаланбайды. EGov AI деп аталатын әмбебап жасанды интеллект-көмекшісін (ассистентін) әзірлеу керек. Барлық азаматқа қолжетімді болатын осы жүйе біртіндеп Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнын басады. Әлеуметтік қолдау шараларын басқаратын инфрақұрылымды, яғни Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасын нақты айқындап алу қажет".

Бұған дейін президент цифрлық даму үдерісін жеке сектормен тығыз байланыста қараған жөн екенін айтқан.

Қазақстан
Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж