Қазақстандағы Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады

Фото: Zakon.kz
Республикалық референдум жөніндегі Орталық комиссияның мүшесі Азамат Айманақұмов 2026 жылғы 12 ақпанда ведомстводағы брифингте республикалық референдумға қанша адам қатыса алатынын айтты. Референдум 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Айманақұмовтың сөзінше, Қазақстанда 10 413 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 82 шетелде – олар әлемнің 64 елінде орналасқан.

"2026 жылғы 1 қаңтарға қарай сайлаушылар тізіміне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген 12 416 759 азамат енгізілген. Бүгінде республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін жасауға негіз бар. Оған қаңтар және ақпан айларындағы азаматтардың миграциялық динамикасы мен берілген өтініштерді ескере отырып нақты түзетулер енгізу қажет", – деді ол.


Қазақстан
Қазақстандағы референдум
Референдум-2026

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін