Павлодар облысында ауыл тұрғыны отбасылық жанжал үшін қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Павлодар облысында ауыл тұрғыны отбасылық жанжал үшін қамауға алынды. Полицияға көмек сұрап әйел адам жүгінген. Оның айтуынша, күйеуі мас күйінде үйде жанжал шығарып, айқайлап, бейәдеп сөздер айтқан. Үй ішіндегілердің ескертуіне құлақ аспаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік материал толтырылды.

"Материалдарды жинау барысында аталған ер адамға қатысты бұған дейін сот шешімімен 11 ай мерзімге алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салатын ерекше талаптар белгіленгені анықталды. Алайда отбасындағы жанжал кезінде ол сотпен белгіленген талаптарды бұзған. Материал сотта қаралып, сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар жәбірленуші тараптың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30 тәулікке қорғау нұсқамасы шығарылды", – деді Май ауданы полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Айдана Назарбекова.

Полиция қызметкерлері заң талаптарын бұзудың салдарын түсіндіру және қажетті көмек көрсету мақсатында құқық бұзушымен де, жәбірленушімен де профилактикалық әңгіме жүргізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Жамбыл облысында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының қатысуымен жаңа өндіріс іске қосылды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты