13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: жасанды интеллект
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 13 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысынның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ, тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уаққытта қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі.

Алматыда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін