Аида Балаева: жаңа Конституция ел дамуындағы ғылым мен білімнің стратегиялық рөлін айқындайды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен "Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" атты Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу жаңа Конституция жобасының маңыздылығы, оның интеллектуальды және инновациялық ұлтты қалыптастырудағы рөлі талқысына арналды.

"Білім, ғылым және инновация ресми түрде экономикалық өсімнің жаңа моделінде маңызды орынға ие бола отырып, ел үшін дамудың негізгі ресурстары мен драйверлеріне айналуда. Бұл табиғи ресурстармен, өнеркәсіппен және басқа да экономикалық салалармен қатар адами капиталдың сапасы, оның әлемдік экономикалық дағдарыстар мен геосаяси күйзелістер дәуіріндегі бәсекеге қабілеттілігі бірінші орынға шығатынын білдіреді", - деп атап өтті Аида Балаева.

Ол жаңа Конституция жобасы азаматтардың әл-ауқатын және адам құқықтары ең жоғары басымдық ретінде айқындалған мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Цифрландыру және технологиялық қайта құру жағдайында еліміздің ғылыми әзірлемелері мен интеллектуальды әлеуетін дамыту ерекше маңызға ие.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысы бастамашылық еткен конституциялық реформа Қазақстанның адами капиталға негізделген жаңа даму моделіне көшуін білдіреді. Бүгінгі таңда негізгі ресурс шикізат пен инфрақұрылым емес, азаматтардың интеллектісі, олардың білімі, құзыреттілігі және технологиялар жасау қабілеті болып табылады. Біздің міндетіміз - қабылданған өзгерістердің ресми орындалуын емес, Әділ Қазақстанды құру мүддесінде олардың толыққанды және жүйелі іске асырылуын қамтамасыз ету", - деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында ғылым саласының өкілдері, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тілеп Болат, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев конституциялық деңгейде ғылым мен білімнің басымдықтарын бекітіп көрсетудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Бұл референдум - ел дамуының маңызды кезеңі. Құқықтық жүйені және мемлекет институттарына деген сенімді нығайту азаматтардың саналы таңдауына байланысты. Сондықтан ғылыми қоғамдастықтың қоғамдық диалогқа қосқан үлесі ерекше маңызға ие", деп сөзін қорытындылады Аида Балаева.

Кездесуге қатысушылар жиын соңында республикалық референдумға елімізді жаңғырту мен оның зияткерлік әлеуетін нығайтудың негізгі қадамы ретінде белсенді түрде қатысудың маңыздылығына назар аударды.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Балаева Аида

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды