Алматы облысында бес көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
2026 жыл 14 ақпанда Алматы облысында республикалық маңызы бар KZ19-02 "Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы (Достық шекара өткелі)" автожолында боран салдарынан жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін сағат 13:30 шамасында Көктума елді мекені маңында 5 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттан алты адам түрлі дәрежеде жарақат алып, Алакөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде жол учаскесі қолайсыз ауа райына байланысты жабық болған. Шектеу 13 ақпанда сағат 12:00-де енгізіліп, синоптиктер болжамына сәйкес 17 ақпан сағат 09:00-де ашылуы жоспарланған еді.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктер бір бағытта қозғалған кезінде соқтығысқан. Апатқа қатысушылар полиция бекеттерін елемей, жабық жолдың ортасына шығып кеткен.

Сонымен қатар, құтқару қызметтері жолда қар құрсауында қалған 12 автокөлікті шығарды және 9 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.

"ҚазАвтоЖол" жол қызметі тұрғындарға жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:

"Уақытша шектеулерді елемеу азаматтардың өміріне қауіп төндіреді және құтқару жұмыстарының тиімділігін төмендетеді. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі", - делінген компания таратқан хабарламада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау