Полиция басқармасына 61 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Тергеу барысында анықталғандай, 28 қаңтарда 1997 жылы туған күдікті қоңырау шалу сылтауымен жәбірленушінің ұялы телефонын сұрап алып, оның сеніміне кірген. Кейін жәбірленушінің атына қашықтан 725 362 теңге көлемінде несие рәсімдеген.
"Келтірілген материалдық шығын қарыздың толық сомасын құрады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс материалдарында кінәсін мойындау жауабы мен куәгерлердің айғақтары бар. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Полиция азаматтарға сақ болуды ескертті. Сенгіштік пен қаржылық міндеттемелерді құжат жүзінде рәсімдемеу елеулі материалдық шығындарға әкелуі мүмкін.
Құқық қорғау органдары тұрғындарға ұялы телефонды бейтаныс адамдарға, тіпті қысқа уақытқа да бермеуді, SMS және банктік қосымшалардан келген растау кодтарын ешкімге хабарламауды, құрылғыларға құпиясөз және биометриялық қорғаныс орнатуды; қарызға ақша бергенде қолхат немесе қарыз шартына отыруды, міндеттемелер құжатпен расталмайынша қаражат аудармауды ұсынады.