Алматыда ҚАЖ мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленді

Сурет: polisia.kz
Алматыда қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды алып кірудің кезекті әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері осындай үш дерек тіркелген, олардың барлығы Алматыдағы тергеу изоляторында болған. Ал өткен жылы қаладағы мекемелерде осындай 11 жағдай анықталған.

Көптеген профилактикалық түсіндіру жұмысы мен ресми ескертулерге қарамастан, кейбір азаматтар режимдік аумақтарға тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасауды жалғастыруда. Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тұрақты түрде алдын алу шаралары ұйымдастырылады: келушілермен жеке түсіндіру жұмыстары өткізіледі, ақпараттық жадынамалар таратылады, кіреберістерде ескерту тақтайшалары орналастырылған. Сонымен қатар қызметкерлер тарапынан бейнебақылау күшейтіліп, өткізілетін сәлемдемелер мен заттарға мұқият тексеру жүргізіледі.

Мекеме әкімшілігі азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Тыйым салынған заттарды алып кіру немесе өткізу әрекеті белгіленген тәртіпті өрескел бұзуға жатады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын және құқық бұзушылықтардың алдын алу басты назарда екенін атап өтті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды