Семейде "Ұстаз үшін бастарын оққа байлаған..." атты естелік тақта ашылды

Сурет: М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
Семейде Әуезов атындағы педагогикалық колледжде "Ұстаз үшін бастарын оққа байлаған..." атты естелік тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында ХХ ғасырдың күрделі кезеңінде ұстазы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев үшін шындық жолында күрескен Игенбек Төлеутаев, Төлеужан Мусин, Жүнісбек Нұрмұхамедов, Масғұт Бегалин сынды шәкірттердің азаматтық ерлігі кеңінен баяндалды.

"Сол уақыттағы ауыр саяси ахуалға қарамастан, жалған жалаға сенбей, әділдікті іздеуге бел буған түлектердің әрекеті – бүгінгі ұрпақ үшін нағыз батылдықтың үлгісі. Олар өз ұстазы – Әбікей Сәтбаев туралы тараған қауесетке көзсіз сенбей, ақиқатқа жету үшін алыстағы Қызылордаға аттанған. Бұл – тек ұстазға деген құрмет қана емес, бұл – ар-ожданның, азаматтық ұстанымның айғағы еді", делінген оқу орыны түсініктемесінде.

Шара барысында сол тарихи оқиға сахналық қойылым арқылы көрерменге ұсынылып, көрермен жүрегіне ерекше әсер қалдырды.

Салтанатты жиынға Игенбек Төлеутаевтың ұлы – Төлеутаев Шахмұрат Игенбекұлы және Төлеужан Мусин әулетінің өкілдері қатысып, өткен күндердің естелігімен бөлісті. Бұл кездесулер студенттер үшін тірі тарихпен жүздескендей әсер қалдырды.

"Ұстаз үшін бастарын оққа байлаған..." атты естелік тақта - тек өткеннің оқиғасы емес, бұл – әр шәкірттің жүрегінде жаңғырып тұратын рухани үндеу. Ұстазды ұлықтау – мәңгілік парыз екенін еске салған тағылымды кеш баршамыздың жадымызда ұзақ сақталары сөзсіз.

Айта кетсек, Әбікей Зейінұлы Сәтбаев 1881 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданының Шадыра ауылында туған, нақақтан нақақ ұсталып, түрмеге жабылып, 56 жасында атылып кеткен көрнекті педагог. Ол бар күшін, білімін, тәжірибесін мектеп қалыптастыру ісіне арнаған. Оның жетекшілігімен ауылдарда сауатсыздықты жою акциясы жүргізілді.

Сурет: М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды