Алматыда интим қызмет көрсететін нысандарға қарсы тексерулер жүріп жатыр

Сурет: Алматы полиция департаменті
Алматыда массаж және сауықтыру салондарының атын жамылып жұмыс істейтін интим қызмет көрсету орындарын анықтауға бағытталған тексерулер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, кейбір нысандар қызмет атауын өзгертіп, жұмыс форматын жасырын жүргізуге тырысады. Дегенмен олар жедел бөлімшелердің тұрақты бақылауында.

Тексерулердің негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеңгетайлық пен жезөкшелікке тарту деректерін анықтау, сондай-ақ тұрғын үй секторын және коммерциялық орындарды заңсыз мақсатта пайдаланатын ұйымдасқан топтардың жолын кесу.

Алматы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиевтің айтуынша, бұл мәселе тек заң бұзушылықпен шектелмейді.

"Бұл – азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қатер. Мұндай нысандар қылмыстың ошағына айналып, жанжал туғызуы мүмкін әрі адамдарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту арнасына айналады. Полицияның мақсаты – бір реттік рейдтер емес, тұрақты тәртіп орнату", - деді ол.

Полиция мәліметінше, тексерулер нысаналы әрі белсенді сипатта өтіп жатыр. Іс-шаралар жедел мүмкіндіктер мен ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылады. Күдік туғызған нысандар мен пәтерлер де тексеру аясында қарастырылып жатыр.

Еске салайық, өткен жылы Алматыда жеңгетайлық бойынша 10 адам жауапқа тартылып, жезөкшелікпен айналысуға арналған 4 притон анықталған. Барлық қатысушыларға қылмыстық жауапкершілік қолданылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды