Қазақстанда аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау уақытша тоқтатылды

Сурет: baraholka.com.ru
Цифрлық экономиканы дамыту орталығы ЖШС-нің бас директоры Бикеш Кұрманғалиева 2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстанда аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл шешім технологияны жаңартуға байланысты қабылданған.

"Аң терісінен жасалған бұйымдарға қатысты таңбалау тоқтатылды. Бұған дейін олар таңбаланған, алайда бұл Еуразиялық экономикалық одақ аясында енгізілген алғашқы пилоттық жоба болатын. Ол кезде таңба бұйымға бөлек ілінетін. Дүкендерде таңба бөлек, тон бөлек ілініп тұратын жағдайлар болды. Тон сатылып, ал таңба қалып қоятын. Бұл таңбалау жүйесінің беделіне нұқсан келтірді", – деді Бикеш Кұрманғалиева.

Сондықтан ЕАЭО шеңберінде тондарды жеңіл өнеркәсіп тауарлары сияқты таңбалау ұсынылған.

"Яғни таңбаны бұйымның ішкі жапсырмасына тігіп орнату керек, оны өнімнен ажыратып алу мүмкін болмауы тиіс. Қазір технология өзгертіліп жатыр, сол себепті тондар уақытша таңбаланбайды. Енді олар келесі жылдан бастап жеңіл өнеркәсіп тауарларымен бірге таңбаланады", – деп қосты ол.

Бұған дейін ол Өнеркәсіп министрлігі тарапынан аяқ киім жеткізіліміне бақылау әлсіз екенін айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды