Алматыда ЖҚАЖ қызметкерлері танысын жарақаттаған күдіктіні ұстады

Сурет: polisia.kz
Алматының Медеу ауданында таныс ер адамдар арасында жанжал туындап, олардың бірі қарсыласына пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғадан кейін күдікті жасалған әрекеттің салдарын түсініп, оқиға орнынан бой тасалауға әрекет жасаған.

ЖҚАЖ қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде ер адам тез арада ұсталды.

"Біздің жауынгерлер жедел әрі үйлесімді әрекет етті. Негізгі міндет – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу. Күдікті оқиға орнына жақын аумақта ұсталды, қазіргі уақытта айналадағы адамдар үшін қауіп жоқ. Біз кез келген жедел міндеттерді орындауға дайынбыз және заң талаптарына қатаң сәйкес әрекет етеміз", – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирі Азамат Исерғожин.

Қазіргі таңда қозғалған қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты