Алматыда Сайран көлінің ортасында қалып кеткен ит төтеншеліктерді әбігерге салды

Сурет: pexels
Алматы қаласының тұрғындары Сайран көлінің ортасында қалып кетіп, мұзды суға батқан итті көріп, оған көмектесу үшін төтеншеліктерге қоңырау шалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының құтқарушыларына бүгін, 2026 жылы 25 ақпанда Әуезов ауданындағы Сайран көлінде иттің мұзды суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел түрде Төтенше жағдайлар департаменті мен қалалық құтқару қызметінің қызметкерлері жіберілді. Олар жануардың су айдынының мұз қатқан бетінде қоршаудың ар жағында қалып кеткенін, ол арадан өздігінен шыға алмай тұрғанын анықтады.

"Құтқарушылар қажетті жұмыстарды жедел жүргізіп, арнайы құрал қолданбай, итті абайлап ұстап, қауіпсіз жерге шығарды. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында жануар аман қалды". Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі

Бұған дейін Таразда пәтерінде 20 мысық асыраған әйелге айыппұл салынуы мүмкін екені хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді