Электрлі самокат жүргізушілеріне талап күшейтіледі

Фото: Zakon.kz
Елімізде электрлі самокаттарды пайдалану ережелері қатаңдатылады. Себебі өткен жылы Алматыда самокаттарға қатысты 386 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 400-ден астам адам зардап шеккен.

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Енді жаңа талапқа сәйкес, жалға берілетін электрлі самокаттар міндетті түрде тіркеуден өтіп, сақтандырылуы тиіс. Кикшеринг компаниялары самокаттардың техникалық жағдайын бақылап, пайдаланушылардың жеке басын және жүргізуші куәлігінің бар-жоғын тексеруге міндеттеледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар әр самокатқа тіркеу нөмірі беріледі, әрі олар жаяу жүргінші жолдарымен жүруіне тыйым салынады.

Тек веложолдармен, веложолақтармен, егер ондай инфрақұрылым болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен қозғала алады. Қараңғы уақытта жарық құралдарын қосу міндеттелмек.

Қазіргі таңда самокаттар Алматы қаласының өзекті тасымалдаушы және ол дамып келеді. Оған шектеу қоя алмаймыз. Ең бастысы қауіпсіздікке тиесілі жол жүру ережесіне сәйкес бүкіл құжаттары болуы тиіс. Егер де жол куәлігі болмаған жағдайда 5 АЕК айыппұл салынады. Жүргізуші куәлігі бар-жоқтығы жалға беруші компанияларға жүктелген. Айдын Меркімбаев, қалалық ПД профилактика және үйлестіру жұмысының өкілі
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді