Астанада және тағы 12 қалада ауа сапасы нашарлайды

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 1 наурызда Қазақстанның 13 қаласында ауаның ластануы күшейеді деген болжам бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" таратқан мәліметке қарағанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, сондай-ақ түнгі уақытта Астана мен Петропавл қалаларында болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – бұл қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының (желсіздік немесе әлсіз жел, тұман, ауа инверсиясы) жиынтығы. Мұндай кезде атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттар жиналып қалады.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе автожолдардың немесе басқа да ластаушы көздердің маңында ұзақ жүруден бас тартқан жөн.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру маңызды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы