Қазақстанда жаңа жедел нөмір іске қосылды: 1484 нөміріне қандай мәселелер бойынша хабарласуға болады

Фото: pexels
Қазақстанда жедел қызметтердің байланыс нөмірлері тізімі жаңа – 1484 нөмірімен толықты. Қазақстандықтар бұл нөмірге қандай мәселелер бойынша жүгіне алатынын Zakon.kz анықтады.

1484 нөмірі, сондай-ақ 8 800 080 30 84 — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бірыңғай байланыс орталығы болып табылады.

"Бұл арқылы қазақстандықтар мен бизнес өкілдеріне Қаржы министрлігінің мемлекеттік ақпараттық жүйелері мен цифрлық сервистері бойынша консультациялық және техникалық қолдау көрсетіледі", – деп хабарлады "Электрондық қаржы орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

Байланыс орталығы келесі негізгі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

1. Салықтық әкімшілендіру

2. Мемлекеттік сатып алулар

3. Ұлттық тауарлар каталогы

Пайдаланушыларға келесі мәселелер бойынша қолдау көрсетіледі:

4. Қаржы министрлігінің өзге цифрлық сервистері

5. Пайдаланушыларға техникалық қолдау

Байланыс орталығы:

"Жалпы алғанда, байланыс орталығы азаматтар мен бизнеске Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін пайдалану және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша орталықтандырылған консультациялық қызмет көрсетеді", – деп қорытындылады ұйым өкілдері.

2026 жылғы 3 наурызда Zakon.kz үкіметтің 2026 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен тегін қоңырау шалуға болатын жедел медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық және басқа да қызметтердің тізіміне толықтырулар енгізілгенін жазған болатын. Атап айтқанда, бұл тізімге ҚР Қаржы министрлігінің Бірыңғай байланыс орталығы енгізілді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі