Атырауда Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен салтанатты жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов аймақтың дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.


"Қазақ халқында "Жұмақ – ананың табанының астында" деген дана сөз бар. Ата-бабамыз әлімсақтан әйелзатын ардақтап, ананы айрықша қадір тұтуға тәрбиеледі. Өмірлік құндылықтар аналардан сіңеді, білім мен адамгершілік қағидалары ананың ақылымен дарып, болашақтың іргесі қаланады.

Еліміздің тарихындағы қиын-қыстау кезеңдерде қазақ әйелдері ерлермен бірге батылдық пен жанқиярлық танытты. Отанға деген адалдықтың символына айналған Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың ерлігі соған айқын дәлел.

Бүгінгі бейбіт заманда да әйелдер қоғам өмірінің барлық саласында – білім, медицина, ғылым, мәдениет, бизнес және мемлекеттік басқару салаларында табысты еңбек етіп, ел дамуына зор үлес қосуда. Бұған қоса, әйел-аналар ұрпақ тәрбиесінің тізгінін берік ұстап келеді.

Өлкеміздің әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасы бақытын, жарқын жетістіктер тілеймін", — деді облыс әкімі.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты жиынды түрлі сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар мен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды