Тараздық әйел өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы жалған хабар берген

Сурет: Zakon.kz
Полицияға жергілікті тұрғыннан өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оның айтуынша, бетперде киген белгісіз ер адам үйіне кіріп, қарумен қорқытқан, қолдарын байлап, алтындары мен ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыр қылмыс туралы хабарламадан соң шұғыл түрде іс-шаралар басталған. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеруді бастап, жедел қызметтер жұмылдырылды, тергеу және іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Алайда көп ұзамай күтпеген жайт анықталды. Белгілі болғандай, ешқандай шабуыл болмаған.

Полицейлер анықтағандай, әйел адам күйеуімен жанжал туындамас үшін қарақшылық шабуыл туралы оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде ол алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуіне айтпай сатып жіберген.

Қылмыс туралы көрiнеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеу амалдары басталды.

"Полиция жалған хабарлама жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай әрекеттер құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарын нақты қылмыстарды ашып, тергеуге кедергі жасайды", - деп ескертті ведомство.
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі