Сенат Түркі әлемі елдерінің азаматтық қорғау механизмі туралы келісімді ратификациялады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 11 наурызда Парламент Сенаты Түркі мемлекеттері ұйымының азаматтық қорғау механизмі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, заң төтенше жағдайларға бірлесіп әрекет ету жүйесін құруға, жедел көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға және ұйымға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы үйлестіруді күшейтуге бағытталған.

"Келісімді ратификациялау арқылы қатысушы мемлекеттер азаматтардың өмірін сақтауға, мүлікті қорғауға, медициналық және гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттардың қауіп-қатерін мониторингтеу мен талдауға күш біріктіреді. Келісім бойынша азаматтық қорғау механизмін басқару үшін әкімшілік құрылым жасалады. Жоғарғы орган – Министрлер кеңесі, сонымен қатар хатшылық жұмыс істейді. Министрлер кеңесі профильді министрлердің жылына кемінде бір рет өтетін тұрақты кездесулері арқылы қызмет атқарады. Кеңес төрағалығы Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық ететін мемлекеттің министріне беріледі",- деді ол.

Механизмнің хатшылығын генералдық хатшы басқарады, ол Министрлер кеңесімен үш жылға тағайындалады, қажет болса екі жылға дейін ұзартуға болады.

"Хатшылықтың бас штабы Стамбулда орналасады, Түркия оның ғимаратын қамтамасыз етеді және ұйымдастырушылық тұрғыда көмектеседі. Келісімнің аясында біріккен құтқару қызметтері үшін кәсіби даярлық стандарттары әзірленеді, бірлескен оқу-жаттығулар өткізіледі және мемлекеттер арасында тәжірибе алмасу бағдарламалары жүзеге асырылады. Көмек көрсету тек зардап шеккен тараптың өтініші бойынша, келісімге келу арқылы жүзеге асырылады". Андрей Лукин

Бұл ретте, механизмнің өз бюджеті болады, ол мүше мемлекеттердің жыл сайынғы міндетті жарналарынан құралады.

Халықаралық бюджет туралы бөлек келісім күшіне енгенге дейін әр мемлекет жыл сайын 50 мың АҚШ доллар мөлшерінде жарна төлейді. Егер шығындар осы сомадан асып кетсе, алғашқы екі жыл ішінде Түркия оны өтейді.

Сенатор Лукиннің айтуынша, заңның қабылдануы тұрғындарды және территорияларды қорғау деңгейін арттыруда стратегиялық маңызды. Бұл механизм төтенше жағдайларда қатысушы мемлекеттердің ресурстарын жедел мобилизациялауға мүмкіндік беріп, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейтеді.

Қазақстан
Лукин Андрей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады