Астаналықтардың салық бойынша берешегі миллиардтаған теңгеге жетті

Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынгүл Тоқаева қала тұрғындарының көлік және мүлік салығы бойынша қарызы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы 2026 жылғы 11 наурызда Астана өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"2026 жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша Астанада жеке тұлғалардың мүлік салығы мен көлік салығы бойынша жалпы берешегі 3 млрд 89 млн теңге болды. Бұл қарыз 60 393 жеке тұлғаның атына тіркелген", – деді ол.

Берешектің басым бөлігі жеке тұлғалардың көлік салығына тиесілі. Оның көлемі – 2 млрд 750 млн теңге.

"Жеке тұлғалар салықты салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуге тиіс", – деді спикер.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 564-бабына сәйкес, Қазақстан аумағында тіркелген және (немесе) есепке қойылған көлік құралдары салық салу нысаны болып есептеледі. Бұл ретте тіркемелер салық салу нысанына жатпайды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды