Павлодарда полицейлер қолайсыз ауа райында жүргізушілерге көмек көрсетуде

Фото: unsplash
Аязды күндері павлодарлық полицейлер еріктілермен бірлесіп, қолайсыз ауа райына байланысты жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде. Әсіресе ұзақ уақыт рөлде болып, табиғаттың қатал сынына тап келетін жүк көлігі жүргізушілеріне ерекше назар аударылуда.

Жүргізушілер мен жолдағы жолаушыларға қолдау білдіру мақсатында оларға ыстық шай мен тамақ таратылды.

"Қатты аяз кезінде көліктер жиі істен шығады.Жанармай жүйесінің қатып қалуынан бастап жүріс бөлігінің бұзылуына дейін түрлі жағдайлар орын алады. Бүгін менің көлігім де суыққа шыдамай өшіп қалды. Сол сәтте жанымнан өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері тоқтап, шай беріп, тамақтандырды, көлікті қайта оталдыруға көмектесті. Осындай қамқорлықтары үшін үлкен алғысымды білдіремін, – деді Қарағанды қаласынан келген жүргізуші Николай.

Полицейлердің мұндай жанашырлығы мен қамқорлығы жол қозғалысына қатысушылар арасында жылы әсер қалдырды. Полиция азаматтарды қатты аяз кезінде алыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады. Егер жолға шығу қажет болса, автокөлікті сапарға мұқият дайындап, жолда барынша сақ болу және демалыс режимін сақтау қажет. Жаяу жүргіншілерге де жылы киініп, жолдың жүру бөлігінен алшақ жүру, жолды тек белгіленген жерден абайлап өту ұсынылады.

"Алдын алу, бақылау, көмек көрсету және маңызды жайттарды еске салу – павлодарлық жол полицейлерінің күнделікті қызметінің негізгі бағыттары. Көрсетілген әрбір көмек – қарапайым әрекеттен басталатын ортақ қауіпсіздікке қосылған үлес. Ол – мұқияттылық, өзара құрмет және жол қозғалысы ережелерін сақтау, – деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаментінде.
Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі