Тәжікстандық ОСК басшысы: "Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған"

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда өтіп жатқан республикалық референдумға халықаралық бақылаушылар да қатысуда. Солардың қатарында Тәжікстан Республикасының Орталық сайлау және референдум комиссиясының төрағасы Худоёрзода Бахтиёр бар.

Ол Қазақстанға ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Парламентаралық ассамблея және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының миссиясы құрамында келгенін айтты.

"Біз Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен референдумды дайындау және өткізу барысын бақылауға келдік. Астанада болған уақыт ішінде референдумға дайындық жұмыстарымен таныстық, сондай-ақ бүгін дауыс беру процесін тікелей бақыладық", – деді Худоёрзода Бахтиёр.

Сурет: Zakon.kz

Бақылаушының пікірінше, референдумды ұйымдастыру үшін ауқымды және жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілген. Учаскелік және аумақтық комиссия мүшелері референдум өткізудің барлық кезеңдері бойынша арнайы дайындықтан өткен.

"Бұл Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастырғанын көрсетеді. Дауыс беру құқығы бар азаматтар учаскелерге еркін және өз еркімен келіп, дауыс беруде. Бұл – референдум өткізу кезінде азаматтардың еркін таңдауы мен ашықтық принциптерінің сақталып отырғанының дәлелі", – деді ол.

Сөз соңында ол Қазақстан халқына бейбітшілік, бірлік пен тұрақты даму тілейтінін жеткізді.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум
Референдум-2026

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін