Бірнеше қауіпті құбылыс күтіледі: синоптиктер 16 наурыздағы ауа райы туралы ескертті

Фото: unsplash
Синоптиктер 2026 жылғы 16 наурыз, дүйсенбі күні Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамдарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, еліміздің солтүстігі мен шығысында кетіп бара жатқан циклоннын әсерінен түнде қар, күндіз елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

"Қазақстанның қалған аумағында антициклон сілемі жауын-шашынсыз ауа-райын анықтайды. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығысында жаяу бұрқасын, батыста шаңды дауылмен күтіледі"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Синоптиктер бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күтіліп отырған ауа райы туралы хабарлаған болатын. 2026 жылғы 16–18 наурыздағы елдің үш ірі мегаполисіндегі ауа райы туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы оқи аласыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін