Оралдағы жатақханада шыққан өрттен кейін ер адам мәйіті табылды

Сурет: Zakon.kz
Оралдағы жатақханада шыққан өрттен кейін ер адамның мәйіті табылды. Ғимараттан 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдын ала деректер бойынша өрт төсекте шылым шеккеннен шыққан.

"15 наурызда Хамид Чурин көшесіндегі жатақханада өрт болды. 40 адам, оның ішінде бес бала, өз бетінше эвакуацияланды. Өртті сөндіру кезінде 57 жастағы ер адам тұншықтырғыш газдан уланғаны белгілі болды", – деді Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары Елдос Батталов.

Өртті сөндіру үшін 18 құтқарушы және жеті техника бірлігі жұмылдырылған.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы