Қарағандыда есірткі курьері ұсталды: 3 келіге жуық психотроптық зат тәркіленді

Фото: polisia.kz
Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген арнайы операция барысында облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті қала маңындағы елдімекендердің бірінде жасырын қойылған есірткіні алу кезінде анықталған.

Одан кейін ол такси шақырып, Қарағанды қаласына бағыт алған. Алайда жолда полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатты.

Тексеру кезінде жолаушы өз еркімен ішінде ұнтақ тәрізді зат бар алты полимерлі пакетке салынған ораманы тапсырды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 3 келіге жуық болатын A-PVP психотроптық заты екені анықталды.

Ұсталған адам берген мәлімет бойынша күдікті анонимді жетекшісінің нұсқауымен әрекет етіп, тыйым салынған затты басқа жерге жеткізуді көздеген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда