Қазақстанда ғылымды қаржыландыру тетіктері кеңейтіледі

Фото: freepik
2026 жылғы 18 наурызда Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми саланы дамыту жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Мәжілісте ғылым мәселелері бойынша заң жобасы қаралуда. Құжат бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейді.

"Заң жобасында бірнеше негізгі бағыт қарастырылған. Соның бірі – ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіру. Ғылыми қызметті қаржыландыру тетіктері кеңейтіледі. Атап айтқанда, халықаралық ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру, венчурлік қаржыландыруды дамыту, сондай-ақ тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдау қарастырылған. Ғылым қоры тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге гранттар беру құқығына ие болады", – деді министр.

Сонымен қатар, ғылыми жобалардың құнын бағалау тетіктері енгізіліп, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мен венчурлік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу бойынша уәкілетті органның өкілеттіктері бекітіледі. Ғылымды көп қажет ететін аумақтарды дамыту да көзделіп отыр.

"Мемлекет басшысының 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау аясында ғылымды көп қажет ететін аумақтарды дамытуға арналған құқықтық база қалыптастырылуда. Оған ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер кіреді. Бұл ретте ғылым қалашықтарының құқықтық мәртебесі, оны беру критерийлері, даму стратегиясын әзірлеу тәртібі және басқару тетіктері (басқарушы компаниялар арқылы) айқындалады. Сондай-ақ, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтық мәртебесі, олардың құқықтары мен академиялық еркіндік кепілдіктері бекітіледі. Заң жобасында ғалымдар мәртебесіне арналған жеке бөлім енгізіліп, "жас ғалым" ұғымы да айқындалмақ". Саясат Нұрбек

Бұған дейін депутат мемлекеттік қызметшілерге жұма күні демалыс беруді ұсынғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Нұрбек Саясат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды