Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты

Сурет: Zakon.kz
FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылу мерзімін 2026 жылғы 19 сәуірге дейін ұзартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шешім Таяу Шығыс өңіріндегі тұрақсыз жағдайдың сақталуына және қолданыстағы шектеулерге байланысты қабылданды.

"Бұған дейін әуекомпания осы бағыт бойынша рейстердің 2026 жылғы 31 наурызға дейін уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатын. Қазіргі жағдайда рейстерді орындау мүмкін емес, осыған байланысты тоқтату мерзімі ұзартылды. Барлық шешім ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданады", - делінген хабарламада.

Әуе компаниясының мәліметінше, күші жойылған рейстер жолаушыларына билетті сатып алған жері бойынша кейінгі күндерге тегін қайта брондау немесе айыппұлсыз толық қайтару мүмкіндігі ұсынылады.


"Әуебилеттерді FlyArystan ресми сайтында немесе мобильді қолданбада сатып алған жолаушылар брондауды онлайн түрде басқара алады. Ал қалған жолаушылар өздерінің туроператорына немесе туристік агенттігіне жүгінуі қажет".FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін