Салық кодексінің бизнеске әсері: 34 мыңнан астам жеке кәсіпкер өздігінен жұмыс істейтіндер қатарына өтті

Фото: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы орынбасары Сеилжан Ахметов 2026 жылғы 19 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2026 жылы жабылған жеке кәсіпкерлер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер жаңа Салық кодексінің әсерінен қанша жеке кәсіпкер жұмысты тоқтатқанын сұрады.

"Жалпы, 34 мыңнан астам кәсіпкер жабылып, өздігінен жұмыс істейтіндер қатарына өтті. Енді олар басқа салық режимінде жұмыс істейді", – деді Ахметов.

Сонымен қатар, ол кәсіпкерлерді тіркеу және есептен шығару бойынша жылдық статистиканы да келтірді.

"Статистикаға сәйкес, 2024 жылы 414 мың салық төлеуші тіркелді, 394 мың адам есептен шығарылды. 2025 жылы 478 мың тіркелді, 335 мың есептен шығарылды. Позитивті сальдо – 142 мың. 2026 жылы 412 мың салық төлеуші тіркелді, 256 мың есептен шығарылды. Бұл – жыл сайынғы тәжірибе, басқа статистика жоқ", – деп қосты спикер.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды