Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірім бесінші тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Қостанайда 2026 жылғы 19 наурыздан бері кәмелетке толмаған жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 наурыздан бастап полиция қызметкерлері 2008 жылы туған Орел Владимирдің хабар-ошарсыз жоғалу дерегі бойынша жедел түрде іздестіру шараларына кірісті, деп мәлімдеді Қостанай облысының полициясы.

"Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Оған едәуір күш пен құралдар жұмылдырылған: полиция қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері, құтқару жасақтары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысуда. Іздеу аумағы қаланың басым бөлігін және оған іргелес аумақтарды қамтиды. Жергілікті жерді тінту, жасөспірімнің жүруі мүмкін бағыттарды тексеру, барлық нұсқалар мен келіп түскен ақпараттарды пысықтау жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде жетуі қиын аумақтар да тексеріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері тартылған барлық қызметтің іс-қимылдарын үйлестіріп, іздестіру операциясының үйлесімді әрі жедел жүргізілуін қамтамасыз етіп жатыр. Жұмыс күндіз-түні тоқтаусыз жалғасуда.

"Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын бейжай қалмауға шақырады. Кәмелетке толмағанның жүрген жерін анықтауға көмектесетін кез келген ақпарат маңызды болуы мүмкін. Мұндай мәліметтер болса, дереу "102" нөміріне хабарлауды сұраймыз. Жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды