Оралда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйелді құтқарды

Сурет: freepik
ТЖМ қызметкерлері Оралда жеке сектордағы өрт кезінде 1974 жылы туған әйелді құтқарды. Өрт шаруашылық құрылысты және тұрғын үйді шарпып, кейін көрші үйдің шатырына таралған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Орал қаласында Украинская көшесі бойында шаруашылық құрылысы мен жеке тұрғын үйде өрт шығып, кейін жалын көрші үйдің шатырына тараған.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер барлау барысында үй ішінен 1974 жылы туған әйелді тауып, оны далаға алып шықты.

"Сондай-ақ құтқарушылар бір газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылып, көрші үй оттан аман қалды". Төтенше жағдайлар министрлігі

Өрт жалпы 170 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарылған әйелді медицина қызметкерлері тексерді. Оны ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін