ІІМ кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету әрекетінің жолын кесті

Сурет: ҚР ІІМ
Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтардың қызметін тоқтату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталды.

17 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді. Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған.

Құқыққа қайшы әрекеттердің дер кезінде жолын кесу ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

"Заң мен тәртіп" қағидаты сақталады: криминалдық қысым көрсету мен тұрақсыздыққа әкелетін кез келген әрекеттер заң аясында тоқтатылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Энергетика министрлігі: Қарашығанақтағы өндіріс қысқарғанымен, Қазақстандағы газбен жабдықтау тұрақты