Мемлекет басшысы Орталық Азияда волонтерлік қозғалысты дамытуды ұсынды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 14:27 Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінде волонтерлік қозғалысты дамыту және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанның "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасын аймақтық деңгейде жүзеге асыруға болатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама жастарды адамгершілік және азаматтық құндылықтарға баулуға ықпал етеді.

"Сондықтан келесі жылы "Орталық Азия – ізгі істер мекені" деген ұранмен волонтерлік мәселесіне қатысты жастар форумын өткізуді ұсынамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аймақтағы ішкі туризмді дамыту халықтардың өзара араласуына, сондай-ақ елдердің тарихы мен мәдениетін жақынырақ тануға мүмкіндік беретінін айтты.

Ол Орталық Азия мен Әзербайжанда өтетін ірі мәдени, ғылыми, спорттық және туристік іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін жасауды ұсынды. Бұл өзара сапарларды көбейтіп, бірлескен турлар арқылы шетелдік туристерді тартуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы мұндай бастамалар өңірдегі ынтымақтастықтың берік гуманитарлық негізін қалыптастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында Консультативтік кездесулер форматын жетілдіру мәселесіне тоқталды.

"Меніңше, осы ынтымақтастық форматын таптаурын қалыптан ада, көшбасшылардың тікелей диалог алаңы ретінде сақтау маңызды. Бұдан бөлек, жұмыс тиімділігі ұсыныстар мен бастамалардың санымен емес, олардың іс жүзіндегі құндылығымен, нәтижесімен өлшенуі керек", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2018 жылдан бері 200-ден астам бастама көтерілгенімен, олардың аз ғана бөлігі жүзеге асқанын атап өтті. Осыған байланысты сыртқы саясат ведомстволарына аймақтық бастамаларды түгендеп, олардың өзектілігі мен болашағын бағалау ұсынылды.

Президент бұл тәсіл қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: