Тоқаев Кореямен экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға шақырды

Тоқаев Кореямен экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға шақырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 16:55 Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші бизнес-саммитінде сөз сөйлеп, Корея Республикасымен экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың телеграм арнасында жарияланды.

Мемлекет басшысы бизнес-саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, Қазақстан Кореяның Орталық Азия елдерімен экономикалық байланыстарын жан-жақты дамыту ниетін жоғары бағалайтынын айтты.

Президенттің сөзінше, қазіргі геосаяси шиеленіс әлемдік сауда мен экономикалық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіріп отыр. Осындай жағдайда мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен сенім ұзақмерзімді әрі табысты серіктестіктің маңызды негізіне айналады.

"Біз Корея Республикасымен ықпалдастықты ілгерілетуге бейілміз. Мемлекетіңізге, оның байырғы дәстүрлері мен мәдениетіне зор құрметпен қараймыз. Орталық Азияда табиғи ресурстардың мол қоры бар. Жаңа ғана Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң мырза айтып өткендей, аймақта тұтыну нарығы ұлғайып, халық саны артып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өткен жылы Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімінің жиынтық көлемі 550 млрд долларға жуықтағанын айтты. Бұл ретте аймақтағы экономикалық өсім 6 пайыздан асып, әлемдегі орташа көрсеткіштен шамамен екі есе жоғары болған.

Президенттің айтуынша, сауда-экономикалық байланыстардың нығаюы мен көлік саласындағы ықпалдастықтың кеңеюі Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі.

"Осы артықшылықтарды Кореяның өндірістік, технологиялық және қаржылық мүмкіндіктерімен ұштастыру өзара тиімді әрі перспективті ынтымақтастыққа жол ашады. "Ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында ресурс біріктіру" формуласына сай күш жұмылдырсақ, сан қырлы серіктестігімізді мүлдем жаңа әрі сапалы деңгейге шығара аламыз деп ойлаймын. Қазақстан осы маңызды міндетті еңсеру үшін өз әлеуетін толық пайдалануға дайын", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Орталық Азия мен Корея арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту үшін өңірдің табиғи ресурстары мен өсіп келе жатқан нарығын Кореяның технологиялық және өндірістік әлеуетімен ұштастырудың маңызын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: