Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке іздеу жарияланғаны белгілі болды

Сурет: Instagram/andersonchik1
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында қазақстандық танымал блогер Ильяр Ювашевке қатысты ресми іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру туралы іс 2026 жылғы 27 наурызда Астанада тіркелген. Іздеу салған орган – Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қазіргі уақытта блогерді іздестірумен Астана экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр.

Сурет: скрин

Еске салайық, бұған дейін 2024-2025 жылдары Ювашевтің Mellstroy сайтымен қоса, онлайн-казино желісін құруға және басқаруға қатысқаны хабарланған еді. ҚМА мәліметінше, ақша ағынын заңдастыру үшін 22 жалған компания тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Сол арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат өткен.

Құқық қорғау органдары іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы кез келген ақпаратты Астана бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауды сұрайды. Ақпарат бергендерге сыйақы мен анонимдікке кепілдік беріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Ғылым Қазақстанның энергетикасын қалай өзгертеді - сарапшымен сұхбат

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді