Атырауда үстеме ақысыз қалған зертхана мамандары наразылық білдіруде

Фото: pixabay
Атырауда лаборанттар үстемеден қағылдық деп шу шығарды. Денсаулық сақтау министрлігінің жыл басындағы бұйрығынана сәйкес, инфекционист дәрігерлер мен қатар, кіші және орта буын қызметкерлеріне төленеді екен. Ал зертхана мамандары бұл қатарға ілікпей қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үстеме ақысыз қалғандар – клиникалық зертхана, бактериологиялық серологиялық зертхана мен рентген қызметкерлері. "Науқастың барлық биологиялық материалдары біздің қолымыздан өтеді, бүкіл инфекция қоздырғыштарымен жұмыс істейміз" – дейді шағымданушылар. КТК деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері жергілікті Lенсаулық сақтау басқармасына дейін осы талабын жеткізгенімен, жарытып жауап ала алмапты.

Облыстық инфекциялық ауруханасында 300-ге жуық медицина қызметкері бар. Оның 115-не үстемақы төлене бастаған. Ал қосымша ақыға ілінбей қалған мамандардың шағымын "министрлікке жеткіздік" дейді аурухана басшысы.

"Үкімет қаулысына сайкес, соңғы бұйрыққа сәйкес, жедел жәрдем және инфекциялық аурухананың қызметкерлеріне тиісті үстемақы беріліп жатыр. Дегенмен қызметкерлер тарапынан ол салаға кірмей қалғандар бар. Мәселе құзырлы органдарға жеткізілді, қазір шешілуін күтіп отырмыз."Нұрбек Үкібаев, Атырау облысы инфекциялық ауруханасының директоры:

Бұған дейін Алматы маңындағы теміржол өткелінде пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқанын жазғанбыз.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі