Алматы маңындағы теміржол өткелінде пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысты

Жедел жәрдем көлігі, Алматы облысы, Боралдай, Шамалған, теміржол өткелі, пойыз, автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 22:47 Сурет: pexels
Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы тас жолы үстінен өтетін теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты. Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне жүгінді.

Полицияның алдын-ала мәліметтері бойынша, көмір станциясынан шыққан пойыз тас жолды қиын жатқан теміржол өткелі арқылы жүрген. Автобус жүргізушісі оған жол бермей, өткелден тезірек өтіп кеткісі келген. Алайда апатты болдырмау мүмкін болмады.

Соқтығысу салдарынан түрлі жарақат алған алты адам медициналық мекемеге жеткізілді.

"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру жұмыстары жүргізілуде", - дейді полициядан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: