Қарабұлақ – Тентек теміржол өткелінде ер адамды пойыз басып кетті

Теміржол, Қарабұлақ – Тентек, теміржол өткелі, ер адам, пойыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 22:58 Сурет: pixabay
6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ – Тентек теміржол өткелінде ер адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмағанын айтады. Бөгде адамның темір жолға кенеттен атып шығуына байланысты машинист шұғыл тежегішті қолданған.

"Алайда арақашықтықтың қысқалығынан оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде жолдарды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін де еске саламыз", делінген хабарламада. 

Бұған дейін Грузияда атақты кәсіпқой боксшы Серік Мұсаділовтың інісі өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: