Алматы тұрғындарына ХҚКО-лардың кеңейтілген жұмыс кестесіне көшкені хабарланды

Фото: gov4c.kz
2026 жылдың сәуір айынан бастап бекітілген кестеге сәйкес Алматыда екі кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы және екі кезекші мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары:

Аталған орталықтар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, екі мамандандырылған ХҚКО келесі мекенжайларда орналасқан:

Бұл орталықтар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылдау сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі. Сенбі күні құжаттар 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

"Ал қаланың қалған ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі – демалыс күні",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Астанадағы EXPO алаңы технологиялық кластерге айналатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін