Ақтөбеде жер үйлерден ұрлық жасаған күдікті оқиға орнында ұсталды

Сурет: polisia.kz
30 наурызда таңғы мезгілде Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік Батыс ауданында екі бірдей ұрлық оқиғасы орын алды. Жас жігіт таңғы сағат 6:30 шамасында қатар тұрған екі жер үйге жасырын кіріп, үй иелерінің мүлкін ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, күдікті алғашқы үйден ақша салынған барсетка мен Kia Sportage автокөліктің кілтін ұрлап, автокөлікті айдап әкетпен болған. Әрі қарай ол сол үйге көрші тұрған екінші үйдің гаражына жасырын кіріп, құны 150 мың теңге тұратын дәнекерлеу аппаратын ұрлаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталған жігіт кінәсін мойындады. Қылмыс жасаған сәтінде ақтөбеліктің алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталған жігіт кінәсін мойындады. Қылмыс жасаған сәтінде ақтөбеліктің алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.

Ұрлық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қылмыстық заңнамада үй-жайға заңсыз кіру арқылы бірнеше ұрлық жасау әрекеті үшін мүлкi тәркiленіп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы