ІІМ Қарағанды облысында бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолын кесті

Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысында полиция өңірдегі криминогендік ахуалға кері әсер еткен топтың қызметін тоқтатуға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, жедел әзірлеме барысында топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, спортты қолдау және дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқаны анықталды. Ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалды.

Қабылданған шаралар мен жедел әрекеттер нәтижесінде 20 адам ұсталды. 47 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан атыс және суық қарулар, оқ-дәрілер, автокөліктер, ірі көлемде ақша, оның ішінде шетел валютасы, сондай-ақ қылмыстық істер үшін маңызы бар өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

"Топтың заңсыз әрекеті өздерінің қылмыстық ықпалын кеңейтуге, соның ішінде жастарды тартуға және зорлық-зомбылық қылмыстарын жасауға бағытталған. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы тексерілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі