Алматыда кикшерингке бақылау күшейтілді

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы полиция департаменті электрсамокаттар мен курьерлік жеткізу қызметінің белсенді кезеңіне байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылданып жатыр.

Осыған орай полицияда кикшеринг компаниялары мен жеткізу қызметтері өкілдерінің қатысуымен кезекті жұмыс кездесуі өтті. Жиын барысында қауіпсіз инфрақұрылым қалыптастыру, көлік құралдарын дұрыс орналастыру және пайдалану қағидаларын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

"Ретсіз қалдырылған самокаттар тәркіленеді. Бұл – бизнеске қысым емес, ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара. Қауіпсіздікті кешенді түрде қамтамасыз ету үшін кикшеринг компаниялары, жеткізу қызметтері, әкімдік, прокуратура, депутаттық корпус және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылуда", – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.

Жұмыс тобы аясында социологиялық зерттеулер жүргізу, қазіргі ахуалды жан-жақты талдау, сондай-ақ электрсамокаттар, электровелосипедтер, мопедтер мен курьерлік қызмет саласындағы кешенді қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеу жоспарланып отыр.

Негізгі мақсат – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және микромобильдік құралдар мен жеткізу қызметі қатысушыларының қызметін заң мен тәртіп талаптарына сай реттеу.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі