Оған сәйкес, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстанның батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республикамыздың батысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Қазақстанның қалған аумағында кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа, синоптиктер атап өткендей, тұман жатқызылады, сондай-ақ еліміздің солтүстігінде көктайғақ, батысында, оңтүстігінде, шығысында екпін жел тұрады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.